«Таңшолпан». Ерлан Көкеев 1 мамыр күні Қарағандыда жеке концерт береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ерлан Көкеев 1 мамыр күні Қарағандыда жеке концерт береді

28.04.2017

Таңертеңнен бастап көрермендеріне тамаша көңіл-күй сыйлайтын «Таңшолпан» бағдарламасында бүгін Ерлан Көкеев пен «К-7» тобы қонақта болды.
Танымал әнші биыл өзінің өнердегі 25 жылдығын үлкен концертпен атап өтпекші. Нақтырақ айтар болсақ, 1 мамыр күні өзінің туған қаласы Қарағандыда жеке концерт береді.
«Жалпы, мұны есеп беру концерті деп те айтуға болады. Мен «АБК»-ға дейін 3 жыл «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі болғанмын. Соған байланысты 1 мамыр күні концертке «Дос-Мұқасан» тобы, Қыдырәлі Болманов, Медеу Арынбаев қатысады. Сондай-ақ, бұл кеште Жанна Орынбасарова өнер көрсетеді», - деді Ерлан Көкеев.
Әнші шығармашылық кештің тек қана жанды дауыста өтетінін атап өтті.
Бұған қоса, «Таңшолпан» хабарына толық құраммен келген топ көрермендермен, жүргізушілермен бірге «Дос-Мұқасын» тобының «Қайдасың» атты әнін шырқады.

Хабарламаларға жазылу