Қажымұрат Шешенқұл: «Қаражорға» – менің бағымды ашқан ән - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажымұрат Шешенқұл: «Қаражорға» – менің бағымды ашқан ән

15.12.2014
Қажымұрат Шешенқұл: «Қаражорға» – менің бағымды ашқан ән

Жас әнші, композитор Қажымұрат Шешенқұл «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді. Халыққа «Қаражорға» әнімен танылған әнші: «Бұл ән менің бағымды ашты. Мені Қазақ елінің сахнасына алып шыққан ән»,-дейді.

«Композиторлығыма келер болсақ, бүгінде біраз әндерімді Тоқтар Серіков, былтырғы «Қазақстан дауысының» жеңімпазы  Шахаризат Сейдахмет, «Азия» тобы, «До Мажор» тобындағы Ермек Мұқашев сынды әнші аға-бауырларым орындап жүр».

«Бала кезімде өзіме ұстаз тұтқан адам – Тоқтар Серіков. Бағыма қарай, Қытай елінде университетте оқып жүрген кезімде ол кісі менің «Мақпалжан» әнімді орындады. Мен сол кісіге еліктеп өстім. Барлық аға буын әншілерге менің берер бағам шексіз»,-дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасы – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу