«Таңшолпанда» - Гүлмира Сарина - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Гүлмира Сарина

13.01.2016
«Таңшолпанда» - Гүлмира Сарина

«2015 жылды гастрольдік сапарлармен өткіздім. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және елдің  өзге де бірнеше қалаларында болып қайттым. Бармаған Ақтөбе мен Атырауға наурызға қарай жоспар құрып отырмыз.

Сапарлардан алған әсерім шексіз. Қазақтың кең даласы адамға дем береді. Айтарым, әсіресе, ұлттық нақышта ән айтып жүрген әншілер, халықтың ортасына барса, ел аралап, халықтың рухын көтерсе деген тілек бар. Көптеген жақсы жандармен таныстым, үлкендердің батасын алдым. Қысқасы, терең  рухани азық алып, 2016 жылға қадам бастық»,-дейді әнші.

Биыл сахнада жүргеніне 25 жыл толған әнші бұл турасында: «Алматыда жеке кеш беруді жоспарлап жүрмін. Бұл оңай шаруа емес. Өзіміз жанды дауыста ән айтатын әнші болғандықтан, ішкі дайындық аса маңызды»,-дейді.

Әншінің «Сағыныш» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу