D дәруменінің көп болатындығын көрсетті. Осы себепті аталмыш өсімдік түрлері адам ағзасы үшін өте пайдалы.
Сонымен қатар, ғалымдар саңырауқұлақтардың адамның терісі сияқты дәрумендерді ультракүлгін түспен сәулелеу арқылы өзгеріске түсу қасиеті бар екендігін анықтады.
Бұндай қасиеттерін саңырауқұлақтар тіпті жұлынып алынғаннан кейін де сақтайды. Осылайша, ғалымдар саңырауқұлақтың адамның иммунды жүйесіне өте пайдалы екендігін анықтап отыр, өйткені олар ағзаның кальциді жақсы сіңіріп, тіс пен сүйектердің қатаюына ықпал етеді.
Ғалымдардың зерттеулеріне 36 ерікті азамат қатысқан. Олардың бір тобы бірнеше ай бойына күн сайын 2 мың дана D дәруменін қабылдап отырған. Екінші топ күн сәулесіне қақталған саңырауқұлақ үгіндісін пайдаланған.
Зерттеу аяқталған соң екі топ мүшелерінің де ағзаларында D дәруменінің көлемі бірдей болғандығы анықталды.
Қорыта келгенде, саңырауқұлақтар қандай жағдайда болмасын өздерінің қасиеттерін сақтап қаладындығы белгілі болды. Бұл көкөністер мен өзге де азықтарда өте сирек кездесетін жағдай.