Бұл жөнінде Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Ленита Тойвакка «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесуінде айтты.
Кездесу барысында Ахметжан Есімов жоба жайлы, көрме кешенінің құрылысы жөнінде және халықаралық көрменің мақсат-міндеттері туралы айтып берді.
Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменің әлемдік деңгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын биылдың соңы немесе келесі жылдың басында мемлекетіміз ресми түрде растайтын болады», - деді министр Л.Тойвакка.
Кездесу соңында қонақтарға Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жобасы таныстырылды.