Форум жұмысын қорыта келе, ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі –құқықтық және ұйымдастырушылық құралдарын, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралар кешенін қамтамасыз ететін ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі болып табылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар ол кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі болып табылатындығын атап өтіп, Қаржылық сот құру, Жоғарғы сотта инвестициялық дауларды қарайтын шетелдік судьялар мен заңгерлерден құрылған Халықаралық кеңес құру қажеттігін айтты.
Талқылау шеңберінде экономика саласындағы қылмыстық әрекеттердің жекелеген құрамдарын одан әрі декриминализациялау туралы ұстанымдары тыңдалды.
Абай Рахметулин Қазақстанда соңғы 5 жыл көлемінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды декриминизациялаудың бірнеше кезеңі жүзеге асырылғандығын атап өтті.
Нәтижесінде жаңа Қылмыстық кодексте экономикалық қылмыстар құрамының басым бөлігінің, шамамен 70 пайызының санкциясы бас бостандығынан айырудың баламалы жазасы ретінде айыппұлдардың айтарлықтай көлемін, түзеу жұмыстарын және бас бостандығынан шектеуді көздейді.
Конференция жұмысының соңында қатысушылар шетелдік сарапшылардың ұсыныстары негізінде сот-тергеу тәжірибесін жетілдіру мен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленді.