Әскери қызметшілер ардагерлер үйін қамқорлыққа алатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери қызметшілер ардагерлер үйін қамқорлыққа алатын болды

01.10.2015
  Әскери қызметшілер ардагерлер үйін қамқорлыққа алатын болды

Аталмыш шара «Әскери әулет» атты әскери қызметшілердің отбасылары арасындағы тұңғыш республикалық байқау аясында жүзеге асырылуда.

ҚР ҚК әскери қызметшілері ұдайы негізде қарияларға көмек көрсету және көңіл бөлу үшін қарттар үйін қамқорлыққа алмақ.

Акция Астанада басталды және Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. «Әскери әулет» байқауының қатысушылары, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық әскери оркестрінің әртістері, 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері осы акция аясында аумақты жинауды өткізді және концерт ұйымадстырды.

Олар танымал және көпшіліктің көңілінен шыққан әскери-патриоттық әндерді орындады және ұрпақтың сабақтастығының нышаны ретінде армиялық рецепті бойынша дайындалған ҚР Қарулы Күштерінің символикасы бар сарбаз нанын сыйға тартты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бұл жүрекке жылу ұялатар мейрам әрқайсысына қатысты, себебі, үлкендерді құрметтеу қоғамның адамгершілік заңы болған және бола береді», - деді шара барысында сөйлеген сөзінде «Әскери әулет» байқауына қатысушы ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының аға офицері капитан Серік Апешев.

 

Хабарламаларға жазылу