Сонымен қатар, ел билігі Иордан өзенінің Батыс жағалауының тұрғындары мен Шығыс Иерусалим арабтары жиі қолданатын қылмыстарға қатысты жауапкершілікті күшейтті.
Билік өкілдері жанатын сұйықтық құйылған бөтелкелер мен тас лақтыруды әдетке айналдырған шабуылдарды тоқтатуға уәде берді.
Жуырда осындай әрекеттердің салдарынан егде тартқан орыстілді Израиль тұрғыны мерт болған. Полиция оның өлімі көлігіне қарай лақтырылған заттардың салдарынан көлікті басқара алмай қалуынан болды деп күдіктеніп отыр.
«Біз оқ ату ережесіне өзгеріс енгіздік. Егер бұрын полиция өкілдері тек өздерінің жеке өмірлеріне қауіп туғанда ғана оқ ата алатын болса, енді олар өзге азаматтардың өміріне қауіп төнген кезде де қару қолдана алады»,-деді Израиль Премьер-Министрі Беньямин Нетаньяху әскери-саяси кабинет мәжілісінің қорытындылау кезінде.
Мәжіліске қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған.