Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 80 жылдығын атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 80 жылдығын атап өтуде

23.09.2015
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 80 жылдығын атап өтуде

Бүгін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында музейдің 80 жылдығына арналған мерейтойлық деректі фильм мен альбомның таныстырылымы бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Мәслихат кезінде  музей қызметін белсене дәріптеп жүрген журналистерді марапаттау салтанаты болады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы – Қазақстан мен Орталық Азиядағы аса ірі көркем сурет мұражайы. Мұражайда Қазақстанның сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерімен, Ресей өнерімен, 16-19 ғасырлардағы Батыс Еуропа өнері және заманауи шетел өнерімен танысып, ондағы туындыларды тамашалауға болады. Мұражай жинақтамасында кескіндеме, графика, мүсін және қолданбалы өнер бойынша 24 мыңнан астам экспонат бар. Мұражайдың басты міндеті – әлемдік өнер туындыларын жинақтау, сақтау және оларды өнерсүйер қауымның аудиториясына көрсету.

25-26 қыркүйекте Эрмитаж, Сотбис, Орыс музейі, Санкт-Петербург көркем сурет академиясы, Мәскеу заманауи өнер музейі, Өзбекстан Ұлттық көркемсурет және дизайн институты сияқты әлемдегі басқа да жетекші мұражайлар мен көркем сурет институттарының өкілдері қатысатын «21 ғасыр мұражайы. Даму стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференция аясында 25 қыркүйекте зергер әрі дизайнер Зохра Доксидің (Париж) көрмесі ашылады. 

Хабарламаларға жазылу