Танымал бокс жұлдызы, Олимпиада чемпионы, көптеген марапаттардың иесі кіші Рой Джонс Ресей азаматтығын алуға өтініш білдірді.
Ол Ресей азаматтығын алу туралы өтінішін Ялта қаласында журналистердің қатысуымен берді. Бұл ретте ол АҚШ азаматтығын да сақтап қалғысы келетіндігін айтып отыр.
«Маған ресейліктердің өзіме деген ықыласы мен қызығушылығы ұнайды. Мен мұнда өзімді еркін сезінемін, мен мұндағыларға керек екенімді білемін. Мен бұған әрине лайықты жауап беруім керек, сондықтан да Ресей қоғамының бір мүшесі болғым келеді. Ресейдің паспортын алу деген сөз сол елдің спорты дамыды дегенді білдіреді, мен мұндағыларға АҚШ-тағылардың қалай өмір сүріп жатқанын және керісінше ондағыларға орыстардың қалай өмір сүретінін жеткізгім келеді»,-деді кіші Рой Джонс журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзінше, Ресйе азаматтығын алу саясатпен мүлдем байланысты емес, керісінше, Ресей мен АҚШ арасындағы спорттық, мәдени байланыстарды арттыруды көздейді, деп хабарлады ria.ru агенттігі.