«Astana AI Week 2026» халықаралық форумы басталды
Елордада «Astana AI Week 2026» халықаралық форумы басталды. Ауқымды шара шілденің тоғызына дейін жалғасады. Басты мақсат — жасанды интеллектіні күнделікті өмірге ғана емес, ел экономикасының негізгі күшіне айналдыру. Шараға қызығушылық танытқандардың қатары көп болды. Алғашқы күннің өзінде 400-ден аса адам қатысты. Форум барысында ақылды жүйені өнеркәсіпке, денсаулық сақтау саласы мен қала инфрақұрылымына енгізу жайы талқыланды. Сонымен бірге, дәл осы бағыттар бойынша AI Hackathon қатысушылары жаңа жоба әзірлейді. Командалар демеушілер ұсынған нақты кейстермен жұмыс істейді. Қатысушылар сол мәселелерді шешіп қана қоймай, өз өнімін емханаларда, кәсіпорындарда сынап көруге мүмкіндік алады.
Бейбіт Әбдікенов, Astana IT Университеті жасанды интеллект ғылыми иновациялық зерттеу орталығының директоры:
Үшінші күні соның нәтижесін көрсетеді. Кейбір бағыттар бойынша ақшалай сыйлықтар бар, кейбір бағыттар бойынша жасалған жұмысты кейін сол өндіріске енгізу мүмкіндігі пайда болады. Көрмеде 30 шақты жоба көрсетілген. Мысалы, бүгін ақылды қалада жасанды интеллектіні қолдану туралы көрме болады. Ертең толықтай медицина, яғни денсаулық сақтау саласы бойынша болады. Үшінші күні бизнесте, өнеркәсіпте қандай технология қолдануға болады - соны көрсетеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде көкөніс, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы төмендеді
17.07.2026, 11:21
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
16.07.2026, 20:35
Қосшыда бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр
16.07.2026, 19:45
150 орындық оңалту орталығының құрылысы қайта жанданды
16.07.2026, 19:38
Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды
16.07.2026, 19:36
ШҚО-да еріктілер Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады
16.07.2026, 19:32
Сарапшы: Шоқан еңбегі – ғылымның алтын қоры
16.07.2026, 19:31
Жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды
16.07.2026, 19:30