35 жыл бұрын ұрланған Страдивари скрипкасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

35 жыл бұрын ұрланған Страдивари скрипкасы табылды

09.08.2015
35 жыл бұрын ұрланған Страдивари скрипкасы табылды

Американың Федералды қауіпсіздік қызметі 1980 жылы әйгілі музыкант Роман Тотенбергтің ұрланған скрипкасын тапты, деп хабарлайды runews24.ru агенттігі.


Бүгінде табылған аспаптың иесі өмірде жоқ, сол себепті музыкалық аспап Страдивари Тотенбергтің қызы Нинаға беріледі.   


Нинаның айтуынша, әкесі 2012 жылы қайтыс болған және сол кездері  соңғы рет өзінің сүйікті аспабында тағы бір рет ойнағысы келген екен.


Федералды қауіпсіздік қызметінің мәліметінше,  скрипканы ұрлаған адамның қазір жоқ болуы мүмкін, сол себепті құзырлы орган өкілдері кінәні ешкімге таға алмайды.

Хабарламаларға жазылу