Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды

03.11.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды. Арнайы операция кезінде қару-жарақ арсеналын тонауға қатысқан 6 адам ұсталды.

Олар қарудың бір бөлігін сатып үлгерген, қалғанын жасырып қойған. Оқ дәрілер мен мылтықтарды қаланың шетінде, адам жүрмейтін жерде сақтаған. Аталмыш қоймалардан оптикалық көздеуіштер мен аңшы құралдары табылды.

Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс Алматы қалалық Тергеу басқармасында тіркелді.  

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу