93 бас жылқы ұрлаған барымташылар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

93 бас жылқы ұрлаған барымташылар қолға түсті

17.10.2017

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылынан ұрланған 93 жылқы табылып, иесіне қайтарылды. Барымташылар осыдан он шақты күн бұрын жоғалған Қамбар ата тұқымын жайылымнан айдап кеткен. Жедел іздестіру шаралары кезінде ұрланған мал Ақмола облысының Аршалы ауданынан табылды. Бірақ, қолды болған жылқының тек 73-і бар, қалғаны жоқ. Қазір осы қылмыс бойынша төрт күдікті қамауға алынды. Олардың басқа да мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін, - дейді тәртіп сақшылары. 

Дархан Мадин, Нұра аудандық ІІБ ТБ аға тергеушісі:

-Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 4 күдікті адамды біз Нұра ауданы уақытша ұстау изоляторына қамадық. Сонымен қатар, жетіспейтін жылқыларды қайда жіберуі мүмкін екенін анықтап, жауап алуды жүргізіп жатырмыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу