Ақмола облысы: Ұрланған жылқыны үйінің төргі бөлмесіне тығып қойғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы: Ұрланған жылқыны үйінің төргі бөлмесіне тығып қойғандар анықталды

06.12.2021

Ақмола облысында жылқыны ұрлағандар оны үйдің төргі бөлмесіне тығып қойған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Ал үй иесі малдың қайдан келгенін білмеймін деп ақталу үстінде.

Оқиға Астрахан ауданының Петровка ауылында болған. 3 желтоқсанда полиция қызметкерлеріне осы елдімекен тұрғыны қамауда тұрған 3 жылқысының жоғалғаны туралы арыз түсірген. Олардың бірі ауылдасының үйінен, ал байтал мен жабағы даладан табылды.

Гүлнәр Пинчук, облыстық Полиция департаментінің баспасөз-хатшысы:

Ауылға жедел-тергеу тобы барды. Қызметтік иттің көмегімен ұрланған жылқылардың бірі Петровка ауылының 47 жасар тұрғынының үйінде екені анықталды. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы, яғни«мал ұрлау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің сыбайластары тексерілуде.


Ұрланған жылқылар JPS арқылы табылды

Шығыс Қазақстан облысында ұрланған жылқылар JPS құрылғысының көмегімен табылды. Аягөз ауданы тұрғынының жайылымда жүрген малдары қараша айының соңында жоғалып кеткен. Малдың иесі үйірдегі бірнеше жылқыға алдын ала спутниктік бақылау жасайтын трекерлер орнатқан. Сол арқылы іздеу жүргізіліп, жоғалған жылқылардың қайда екені тез арада анықталған. Малды барымталаған Үржар ауданның 47 жастағы тұрғыны да қолға түсті. Қазір оның үстінен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу