Полицейдің жоғалған қаруы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейдің жоғалған қаруы табылды

30.09.2014
Полицейдің жоғалған қаруы табылды

Шымкентте полицейдің жоғалған қаруы табылды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын тәртіп сақшысы қызметте жүріп, табельдік қаруын жоғалтып алған еді. Осы бойынша Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғаған болатын. Бейресми ақпарат бойынша сол күні полиция сержанты қаруын автокөлікке қалдырып, өзі дәмхананың біріне аялдаған. Осы уақытта белгісіз біреу оның Калашников автоматын ұрлап, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесіне апарып жасырған. Кейіннен полицияға телефон соққан бейтаныс адам қарудың жасырылған жерін хабарлаған. Құқық қорғаушылар ұрланған автоматты сол мекен-жайдан тапты. Құқық қорғаушылардың айтуынша,  жоғалған қару мен 30 оқ-дәрі сол күйі сақталған. 

Хабарламаларға жазылу