400 жыл бұрын жазылған хаттар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

400 жыл бұрын жазылған хаттар табылды

10.01.2014
400 жыл бұрын жазылған хаттар табылды
 Жақында Оңтүстік Корея Республикасының археологтары Андон қаласында осыдан 400 жыл бұрын қайтыс болған Интай есімді ер адамның мүрдесін анықтады. Сонымен қатар ғалымдар оның әйеліне сағынышы баяндалған, 1568 жылдың 1 мамырмен белгіленген онға тарта хатты да тапты.
 
 Хатта былай деп жазылған׃ «Сенің әрдайым бірге қартайып кемпір-шал болайық, сосын бір күнде бірге бұл дүниеге қош айтайық деген сөзің әлі есімде. Қалайша мені тастап, жалғыз о дүниеге аттанып барасың?
 
Сенсіз мұнда өмір сүргім келмейді, жалынамын, мені өзіңмен бірге ала кетші! Саған деген сезімімді ұмыта алмаймын, қазіргі көңіл-күйімді тек өзім ғана түсіне аламын. Енді сенсіз мына жарық дүниеде маған орын жоқ....».
 
Археологтардың айтуынша, бұл мүрденің ұзындығы 1,75 метр және сол замандағы еркектерге қарағанда әлдеқайда бойшаң болған.
 
Айта кетерлігі, хатта белгілеген уақыт атақты ағылшын жазушысы Шекспирдің (Ромео мен Джульетта) шығармалары жарыққа шыққан мерзімге сай келіп отыр.

Хабарламаларға жазылу