Бүгін Астанада еліміздегі белсенді әйелдердің бастамасымен құрылған «Халықаралық «EXPO&WOMEN» ұйымы» Заңды тұлғалар бірлестігінің алғашқы отырысы өтті.
Отырыста ұйымға мүше болу, Астана мен Миланда өтетін іс-шаралар, және Қазақстан мен басқа мемлекеттердегі өкілдіктер туралы сұрақтар талқыланды.
Ұйым президенті Салтанат Рақымбекованың айтуынша, «EXPO&WOMEN»-ның негізгі міндеті – мемлекеттік органдар, мемлекеттің даму институттары, бизнес және әйелдер ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, диалог орнату.
Бүгінде ұйым бірнеше әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Солардың ішінде тауар өндірушілерге арналған «Халық маркасы-2015» ұлттық конкурсы, EXPO scheber, International Trade Programm, әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын Design & Art жобасы және т.б. бар.