Кәсіпкерлікке қолдау қажет

Елбасының бизнесті дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жоспары 10 күн ішінде дайын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті. «Бұл жоспарға шұғыл әрі таяу 2-3 айдың ішінде шешілуі тиіс тапсырмалар енгізіледі. Мәселе кеше Өңірлік даму министрлігінде қарастырылды, әрі нобайы да бар»,-деді ол. Абылай Мырзахметовтің айтуынша, алдағы дүйсенбі күні арнайы жұмыс тобы құрылады. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басшылық етеді. Жұмыс тобының құрамына кәсіпкерлер де кірмек. Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кепілдендіру қорын құрмақшы. Қордың міндеті - үздік бизнес идеялардың жүзеге асуына қолдау көрсету.
Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:
Мысалы сіздің алатыныңыз 10 миллион болса, соған 8 миллионға толығымен кепілдік береді. Түркияда 80 пайыз болса, бізде 90 пайыз болуы мүмін. Біз қазір банктерге де хат жаздық. Әр банкте әр түрлі. Біреуі 10 қағаз сұрайды, біреуі 25 қағаз сұрайды. Біз Ұлттық банкке ұсыныс айттық, 7-8 қағазбен тоқтату керек.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қазақ мәдениетінің жауһарлары көпшілікке ұсынылды
16.09.2025, 17:45

Оралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында көліктер тексерілді
16.09.2025, 17:42
Сырдария өзені жыл сайын суалып барады
16.09.2025, 17:40
Агробизнесті қолдау жоспары әзірленеді
16.09.2025, 17:34
Қолданбалы ғылымға қолдау қажет
16.09.2025, 17:31
Қызылорда сақшылары қоғамдық тәртіпті дронмен қадағалайтын болды
16.09.2025, 17:26
Дропперлерге жаза күшейеді
16.09.2025, 17:23
«Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін 40 мың адам көрді
16.09.2025, 17:20