Талдықорғанда Олимпиада чемпиондары жастармен кездесті
Сидней олимпиадасының чемпионы боксшы Ермахан Ыбрайымов. Жеңіл атлет Ольга Шишигина. Грек-рим күресінен 1996 жылғы Атланта олимпиадасының жеңімпазы Юрий Мельниченко. Бүгін аңыз адамдар Талдықорғанның төрінде жастармен кездесті. Жеңіс жалауын желбіреткен саңылақтарды жетісулықтар зор құрметпен қарсы алды. Чемпиондардың әр сөзі жастарды жігерлендіріп шабыт сыйлады.
Айтөре Төкен, оқушы:
Юрий Мельниченконы бұрын тек телевизордан көргенмін. Қазір бетпе бет кездесіп тұрмын. Мен де сол кісілер сияқты жаттығып, олимпиада чемпионы боламын.
Ал Ермахан Ыбрайымов Сидней олимпиадасының финалын намыс пен төзімнің шайқасы деп сипаттады. Өйткені ақтық жекпе жек жеңіліп көрмеген атақты боксшы Мариан Симионмен өткен еді. Бұл жеңісі ұлт рухын асқақтатты деп өткенді еске алды боксшы.
Ермахан Ыбрайымов, Олимпиада чемпионы:
Бүгінгі кездесудің басты мақсаты спортшыларды жігерлендіру. Енді мен білемін осында отырған жастардың ішінде болашақ олимпиада чемпионы бар екенін. Жастарға денсаулық, жігер тілеймін.
Евгений Яровенко, Құралбек Ордабаев және Асқар Қожабергенов сынды ардагер футболшылар араға бірнеше жыл салып бүгін жасыл алаңда жолықты. Олар Талдықорған құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, жастарға ерекше әсер сыйлады.
Асқар Қожабергенов, ардагер футболшы:
Мен өзім Жетісудың стадионына қайтадан келгеніме өте қуаныштымын. Жанкүйерлерді көргеніме қуаныштымын. Қазіргі методика, жас футболшылардың жағдайы біздің кезеңмен салыстырғанда өте жақсы.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
