Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өтіп жатыр
Дәл қазір, Астанада Жақсылық Үшкемпіров
атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Қазақстан
Барысы – 2025» 14-республикалық турнирі өтіп жатыр. Әріптесім, Азамат Бейбітұлы сол дүбірлі
додадан тікелей эфирде хабар таратқалы тұр. Азамат, боз кілемдегі тартыс қалай
өтіп жатыр.
Онға жуық белдесу өтті. Балуандар бабында
екені байқалады. Қазақ күресінің тамаша әдістерін істеп, тартысты өнер көрсетіп
жатыр. Жалпы, турнирге еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана,
Алматы және Шымкент қалаларынан үздік спортшылар қатысып жатыр. Сондай-ақ,
өткен жылғы «Қазақстан
Барысы – 2024» чемпионы
Ерасыл Қажыбаев пен «Әскер Барысы» турнирінің екі балуаны да жарысқа келді. Жалпы қатысушылар саны – 43 балуан. Биылғы
турнирдің жеңімпазы «Қазақстан Барысы – 2025» атағын
иеленіп, ұлттық спорттың айрықша нышандары – «Алтын белбеу» мен
алтын «Тайтұяқтың» иегері
атанады. Жалпы жүлде қоры – 27 миллион теңге.
Ал, дәл қазір менің қасымда «қазақ
күресі» қауымдастығының
басшысы Дамир Бекбосынов тұр. Дами
мырза, қазір қазақ күресінің, оның ішінде Қазақстан барысы турниріндегі бәсеке
қандай, балуандардың саны мен деңгейі өсіп жатыр ма?
Көрермендер үшін айта кетсек, дәл осы жарысты
"Қазспорт" телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Турнирді
тамашалап, ұлттық спортты, қазақ күресін бірге қолдайық.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04