АҚШ-та миллиондаған адам жаппай наразылыққа шықты
Жұмада АҚШ президенті Д. Трамп пен В. Зеленский Ақ үйде кездескені мәлім. Кейін Украина президенті алысқа ұшатын қару бойынша мәлімдеме жасамайтынын айтты.
«АҚШ эскалацияны қаламайды» және «мен реалистпін», - деген ол, қайткенмен «Томагавк» зымыранын алу үшін келіссөз жалғасатынын айтты. Ал соның алдында, бір күн бұрын — бейсенбіде, Д. Трамп Кремльдің бастамасымен В. Путинмен сөйлесті.
Washington Post басылымының жазуынша, «Ресей президенті АҚШ президентімен әңгіме барысында Киев Донецк облысын тұтас беруі керек» деген. Сонда Запорожье және Херсон облыстарынан бас тартуға дайын екенін білдірген көрінеді.
Тағы ма? - дейтін жаңалық: Аляскадағы кездесуден кейін, басқасын былай қойғанда, өз елінің барлық дерлік фронтында сынға ұшыраған АҚШ президенті алдағы екі аптада Будапештте Ресей – Америка президенттерінің саммиті өтетінін хабарлады.
Жалпы, Трамп тараптарды қазіргі соғыс сызығында тоқтауға шақырып отыр.
Ал бүгін The Economist басылымының Ресейдің шығынын бағалаған материалы шықты. Батыс үкіметтері мен тәуелсіз зерттеушілердің деректеріне сүйенген.
2025 жылдың қаңтарына дейін Ресей 640–877 мың әскери қызметкерінен айырылған, 137–228 мыңы қаза болды деген байламға келген. Ал биыл тоғыз айда адам шығыны 60 пайызға артқан.
«Украинаны тұтас басып алу үшін Ресейге тағы 103 жыл керек», - деп жазған The Economist.
Ал кеше АҚШ-та Трампқа қарсы тағы бір наразылық шеруі өтті. Елдің елу штатын толық қамтыған шараға 7 млн-дай адам қатысқан. Ал Д. Трамп ЖИ көмегімен демонстранттардың үстінен балшық па, басқа ма — әйтеуір жақсы емес сұйықтық құйып жатқанын бейнелейтін ролик жариялады. Тағы бір роликті вице-президент Джей Ди Вэнс жасаған: Трамп патша образында, ал Демократиялық партия өкілдері оның алдында тізе бүгіп жатады...