Алматыдағы II Орта-Азиялық Агротехнологиялық саммит өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы II Орта-Азиялық Агротехнологиялық саммит өтті

11.12.2017

Жиында еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде өнімді жинау, сақтау, оны қайта өңдеуге қатысты қазіргі заманға сай инновациялық технологиялардың қолданылу мәселелері қаралды. Өйткені, бүгінде елімізде жалпы ішкі өнімнің 7,8 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі. Қазақстан 70-тен астам елге түрлі өнімдерді экспорттайды. Бұл сырт мемлекеттерден сұраныстың артқандығын көрсетеді. Сондықтан, «Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізіп, ұлттық аграрлық білім беру орталығын жетілдіру қажет», - дейді мамандар.

Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Елбасының тапсырмасы бойынша осы жылдың басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Қазақстандағы аграрлық білім, ғылым және өндірісті ұштастырып, университеттер мен бизнес құрылымдарды ықпалдастыру тапсырмасы берілген. Сол жөнінде біз жұмыс атқарып жатырмыз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу