Астанада Қазақстанның Азаматтық форумы өтті
Бүгін Астанада Қазақстанның Азаматтық форумы өтті. Биылғы жиынның басты тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынтымақтастығы». Іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен келген үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Форум аясында азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру және мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар әділетті және инклюзивті қоғам құруда азаматтардың белсенділігі мен өзара сенімнің маңызына тоқталды.
Аида Балаева, Мәдениет және ақпарат министрі:
Кеше Парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобының Мемлекет Басшысының қатысуымен алғашқы отырысы өтті. Президент атап өткендей, бұл мәселе қоғамның кеңінен тартылуын, барлық халық ұсыныстарын талдауды және зерделеуді талап етеді. Мен Конституция баптарына ұсыныстар мен толықтырулар әзірлеу және талқылауға тікелей қатысу арқылы қоғамдық кеңестерді осы процеске тартуды маңызды деп санаймын.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14