Тұрмысы төмен жастар кәсіби курстан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмысы төмен жастар кәсіби курстан өтті

03.03.2014
Тұрмысы төмен жастар кәсіби курстан өтті

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген 25 жас арнайы курсты тәмамдады. Олар қазіргі сұранысқа сай кәсіптерді меңгерді. Мемлекет есебінен екі жыл бойы тегін оқып, тәжірибеден өтті. Қолдарына дипломдарын алып, жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының Ақсаяға көп пайдасы тиді. Мектеп бітіріп, оқуға түсе алмаған ол Еңбекпен қамту орталығының жолдамасымен кәсіпорындардағы азық-түлік өнімдерінің технологиясы мен ұйымдастырылуы мамандығын тәмамдады. Жас маман бірер күнде іске кіріспек.
 
Ақсая Бисекенова, курсты бітіруші:
Бұл бағдарлама арқылы маған шәкіртақы төлеп тұрды. Аз қамтылған отбасыларға мұның көмегі көп.
 
Сұлушаш Амандықова, жұмыс беруші:
Әркім өз мамандығы бойынша жұмыс істегені бізге де тиімді. Бізде дүкендер желісі, кондитер цехтары бар. Осындай кәсіпті меңгерген жұмысшылар болса деп Еңбекпен қамту орталығына сұраныс бергенбіз. Олар да жұмыспен қамтылды, біз де маман іздемейтін болдық.
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу