Қытайда алтын қабылдайтын банкоматтар пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда алтын қабылдайтын банкоматтар пайда болды

22.04.2025

Қытайда банкоматтар алтын қабылдайтын болды. Ал Норвегиялық компания су бетіне төгілген мұнайды мейлінше ертерек анықтау үшін жасанды интеллекті қолданып жатыр. Толығырақ Темірлан Нұржанұлы айтады.

Енді банкоматқа алтын өткізіп те ақша алуға болады.

Осылайша, Қытайдың Шанхай қаласында ақылды аппарат салмағы 3 грамнан асатын, ал құрамында кемі 50 пайыз алтыны бар зергерлік бұйымдар қабылдайды. Құрылғы бұйымды талдап, ерітіп, оның тазалығын анықтап, лездеминут ішінде тиісті қаражатты 30 минуттың ішінде адамның шотына аударады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұл банкоматқа қазір сұраныс жоғары. Бос уақыттың бәрі мамыр айына дейін броньдалған.

Жасанды интеллект мұнай дақтарын анықтайды

Ал суға төгілген мұнай дақтарын жасанды интеллект анықтауға көмектеседі. Норвегиялық Miros компаниясы бұл технологияны теңіздегі мұнай-газ құрылғыларының айналасындағы судың жағдайын бақылау үшін қолданып жатыр. Олар арнайы радарлар арқылы судың бетін бейнелейді. Оны ЖИ талдап ,толқындардың биіктігі мен қозғалысын тексереді. Егер су бетіне мұнай төгілсе, әдетте желден пайда болатын кіші толқындар басылып, су тегістеліп қалады.

Мариус Файв Арасет, Miros Group бас директоры:

Мақсатымыз — суға төгілген мұнайды мейлінше ертерек анықтап, операторларға ескерту жіберу. Біз тәулік бойы автоматты бақылау жүргізіп, қолайсыз жағдайларды ерте анықтап, қажетті шараларды қабылдауға көмектесеміз.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу