Басты Жаңалықтар 25 қазан – ұлттық мереке

25 қазан – ұлттық мереке

25 қазан – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған тарихи күн. Үш жыл бұрын бұл дата ұлттық мереке мәртебесіне ие болды. Бұл күннің еліміз үшін маңызы қандай? Өңір тұрғындарының пікірін білген едік. 


1.         Жалпы Республика күні бұл Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының бастауы болған тарихи маңызды күн деп ойлаймын. Бұл халықтың жадында тарихты тағы бір жаңғыртып, жастардың бойына отансүйгіштікті, патриотизм, елге деген жанашырлықты оятуда маңызы бар деп ойлаймын.


2.         Егемендік туралы декларация қабылдау арқылы біз тәуелсіздікті қандай болатынын, ондағы біздің позициямыз қандай болатындығын, әлемдік аренада біз еркін жұмыс жасай алатынымызды, халықаралық қатынастарға түсе алатындығымызды, құқықтық жүйеміз болатындығы, өзіміздің сот жүйеміз болатындығы қарастырылып, бекітіліп кеткен. Бұл алқашқы Конституция деуге болады. 


3.         Бұл күннің өзіндік символикалық мән маңызы жоғары. Егеменді елде тұрамыз деп айтамыз, ал 25-ші қазан Республика күні соған жасалған нақты тәуекел, үлкен қадам.


4.         Ата-бабамыздың бұл ежелден бері армандаған күні деп ойлаймын. Себебі біздің Қазақстанда тәуелсіздік болмаса, Қазақстан басқа мемлекетке бағынып жүрер еді. Бұл күн әрбір қазақ үшін мереке деп санаймын.

Бөлісу