Қарағандыдағы зауытта апат: 8 адамның жағдайы ауыр
Қарағандыда ферроқорытпа зауытында апат болып, сегіз жұмысшы ауыр хәлде ауруханаға түсті. Дәрігрелердің мәліметінше, олардың бәрін қатты күйік шалған. Жағдайлары ауыр. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Пештен жалын атқылаған сәтте жұмысшылар қашып үлгермеген. Сегіз адам түрлі дене жарақатын алды. Олардың алтауы қазір аса ауыр хәлде жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қатты күйік шалғанын айтады. Астанадан білікті мамандар шақыртылып, тиісті медициналық көмек көрсетілген.
Берік Төлеубаев, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығының басшысы:
Бүкіл науқастарға керек көмек барлығы жасалды. Зерттеудің бәрі, керек мамандардың бәрі қарап шықты. Астанадан ғылыми зерттеу институтынан бас травматолог келіп, науқастарды қарап, емдеу шараларына қажетті өзгерістер енгізді.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Апаттың себеп-салдары әзірге белгісіз. Зауыт басшылығы оқиғаның мән-жайын, зардап шеккендер туралы ақпарат таратпады. Кінәлілер тергеу барысында белгілі болмақ. Полиция қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы да тексеруді бастап кетті. Зауытта жұмыс уақытша тоқтатылды.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33