Сауд Арабиясының қажылық кезінде 550-ден аса адам қаза тапты
Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылыққа барған 550-ден аса адам қаза тапты. Марқұмдардың көбі – мысырлықтар. Олардың өліміне аптап ыстық себеп болған. Қазір Меккеде сынап бағанасы плюс 52 градусты көрсетіп тұр. 10 мыңдай адам күн өтіп, медициналық көмекке жүгінген.
Биыл қажылыққа 1 млн 800 мың адам қатысып жатыр. Олардың 1 млн 600 мыңы Сауд Арабиясына басқа елдерден барған. Билік қажылыққа қатысушыларға қолшатыр ұстау, суды көп ішу және аптап ыстықта күнге шықпау туралы кеңес берді.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘрбір оныншы компания қызметкерлерін қысқартпақ
14.10.2025, 18:00
Жұмыс уақытын ұзартуға қарсы ереуіл өтті
14.10.2025, 17:56
Қатаң үнемдеуге қарсы жалпыұлттық шеру өтіп жатыр
14.10.2025, 17:51
Google ЖИ-хаб құруға $ 15 млрд бөлмек
14.10.2025, 17:47
544 мың студент ЖИ-ді басқару курсынан өтті
14.10.2025, 17:44
Кеңгір, Бидайық су қоймаларын жаңғырту қажет
14.10.2025, 17:40