Басты Жаңалықтар Кеңгір, Бидайық су қоймаларын жаңғырту қажет

Кеңгір, Бидайық су қоймаларын жаңғырту қажет


 Ұлытау облысында елдімекендердің  жартысынан көбін ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған Кеңгір, Бидайық су қоймалары әбден тозған. Гидротехникалық қондырғылары да ескірген. Соның кесірінен көктемде су тасу қаупі бар. Одан қалса тұрғындар судан да қағылуы мүмкін. Өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы мәселенің мәнісін біліп қайтты.

Жандос Бақытұлы, тілші:

- 20 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған Бидайық су қоймасының бүгінгі жағдайы осы. Айналаны қалың қамыс басқан. Ал мына су бөгеттері әбден тозған. Себебі су қоймасы 1995 жылы күрделі жөндеуден өткен көрінеді.

75 жыл бұрын салынған су қоймасы содан бері тасада қалып келеді.  Кезінде мұнда балық та көп болыпты. Арнайы канал қазылып ел-жұрт бау-бақша салып, егін еккен. Қазір сонын бірі де жоқ. Көктем сайын  айналасындағы ауыл тұрғындары  су тасқынынан  қауіптенеді. Жауаптылар болса барлық мәселе қаржыға кеп тіреледі дейді.

 Абзал Ахметбеков, Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты  пайдалануды  реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:


 Күрделі жөндеу бойынша жергілікті облыстық бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Бұнын қазіргі құны 1 миллиард 417 мың теңгені құрап отыр. Жер үсті суларын біз ұстап қалу мақсатымыз. Себебі жер асты суынан айырылып қалмас үшін осы жер үсті суы көмегін тигізіп отыр


Жер асты суы азайса Жаңаарқа ауданы толығымен ауыз судан қағылады. Қазірдің өзінде айналасын қамыс басып, судың түбі көріне бастадған. Егер нысан толық жөнделс, егін салып, балық шаруашылығын қайта жандандыруға мүмкіндік бар. Ал, Кеңгір су қоймасының жағдайы мүлде күрделі.  

Жандос Бақытұлы, тілші

- Біз қазір Жезқазған қаласының іргесінде орналасқан Кеңгір су қоймасында тұрмыз. Бұл жердің суын қала халқынан бөлек ЖЭО, Мыс қорыту зауыты, Кең байыту фабрикасы сынды ірі кәсіпорындар пайдаланады.+  Арғы жағы су, бергі жағы гидротехникалық қондырғылар. Бір қызығы су бассейіні мүлде басқа мекеменің, ал мына қондырғылардың барлығы басқа мекеменің иелігінде. Ал осы суды халыққа жеткізуші су сорғыш станциялардың барлығы жекеменшік компаниялардың иелігінде екен.

Қос қаланың тыныс тіршілігі Кеңгірмен тығыз байланысты. Себебі, алып су қоймасынан басқа, айналада тіршілік нәрі жоқтын қасы. Мұнда да гидротехникалық қондырғылар жөндеу көрмеген. Судың негізгі қысымын қабылдайтын бетон қабаттары да үгітіліп жатыр.

Болатбек Әбсалықов, «Қазсушар» облыстық филиалының директоры міндетін атқарушы:


 20 жылдан артық жекеменшік қолында болған. Былтыр мемлекетке өтті. Биыл жоспарымыз көп. Ең бастысы көп фактірлі зерттеу қажет. Үлкен жұмыстардың барлығы 2026 жылдың бюджетіне қарастырлады

Мемлекет меншігіне енді өткен су қоймасы биыл да жөнделмеді. Келер жылы толық тексерістен өтсе, 2027 жыл жаңғыртылуы мүмкін. 

Бөлісу