Түркістан облысының Жетісай ауданында егілген қырыққабат жиналмай, сол күйі алқаптарда қалып жатыр. Себебі, сатып алатын ешкім жоқ. Оның үстіне биыл баға төмендеп, келісі 10-15 теңге ғана болып тұр. Диқандар, бұл басқа қалаға жеткізбек түгілі, алқаптан жинап алатын шығынымызды да ақтамайды, - дейді. Мәселен, Мақталы ауылында тұратын шаруа Марат Бұхарбаев сегіз гектар жерге қырыққабат егіп, 12 млн теңге жұмсағанын айтады. Ал өнімі пісіп дайын болғанда, алушы келмеген. Енді орнына басқа дақыл егу үшін жерін қайта жыртып жатыр.
Марат Бұхаров, шаруа:
Бұрындары сол Ресей алып жатқан. Былтырлары да Ресей жақсы алды. Бірақ биылғы жылы алымсақтар, сатып алушылардың келуі өте жәй болды. Енді мына қырыққабатымыз күтіп тұрмай, барлығы жарылып кетті. Жарылып бітті. Енді оны дискілеп, турап тастап жатырмыз.
Ауыл шаруашылығы мамандарының сөзінше, биыл 1200 гектар жерге қырыққабат егілген. Көкөністің бұл түріне сұраныс болмай, басым бөлігі далада қалған. Шығынды өтеуге қаржы қаралмаған.
Нұртас Тұрсынбеков, Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Мемлекет тарапынан қырыққабат өнімінің шығынына қаражат қарастырылмаған. Бізде оның орнына басқа дақыл егуге болады. Егер шаруалар аламын десе қаржы инститиуттарына келіп, құжаттарын тапсырып, несиелерін алуға болады.
Айнұр Әбілқасым