Бурабайда жаңа курорт аймағы ашылады
Бурабайда жаңа курорт аймағы ашылады. Бұл туралы облыс әкімі елордада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Өңірде туризм саласында 65 инвестициялық жоба іске асырылып, сол арқылы 200 жұмыс орны құрылған. Қазір Шучье-Бурабай курорт аймағында 9 мыңнан астам төсек-орны бар 183 нысан жұмыс істейді. Өткен жылы онда 1 миллионнан астам турист барған. Биыл облысқа келетін туристер саны 1 млн 200 мың адамға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.
Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:
«Akbura Resort» курорт аймағы жобасының бірінші кезеңі аясында қонақ үйі бар маңызды нысан қалалық орталықты ашу жоспарланып отыр. Жалпы биыл Щучье-Бурабай курорт аймағын дамытуға 64,4 млрд теңге бөлінді.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘрбір оныншы компания қызметкерлерін қысқартпақ
14.10.2025, 18:00
Жұмыс уақытын ұзартуға қарсы ереуіл өтті
14.10.2025, 17:56
Қатаң үнемдеуге қарсы жалпыұлттық шеру өтіп жатыр
14.10.2025, 17:51
Google ЖИ-хаб құруға $ 15 млрд бөлмек
14.10.2025, 17:47
544 мың студент ЖИ-ді басқару курсынан өтті
14.10.2025, 17:44
Кеңгір, Бидайық су қоймаларын жаңғырту қажет
14.10.2025, 17:40