Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

15.08.2022

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты. Оқиға «Покровка-Жаңажол» автожолында болды.

Темір қаласынан Кеңқияқ ауылына бара жатқан ВАЗ 2113 автокөлігі қарсы бағытқа шығып «Камаз» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің 26 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал, жүк көлігінің 50 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу