Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

10.06.2020

Қайғылы оқиға кеше Ақтөбе-Астрахан тасжолында Алға ауданының Бестамақ ауылы маңында болған. Полицейлердің айтуынша, апатқа кінәлі бұған дейін ішімдік ішкені үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған 24 жастағы жігіт. Ол Toyota маркалы көлікті тізгіндеп келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп LADA Largus автокөлігіне соғылған. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу