Орталық Азия студенттері Қазақстанда білім алып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия студенттері Қазақстанда білім алып жүр

26.04.2024

Астанада Қырғызстан мен Тәжікстан елінен келген 17 студент білім алып жүр. Олар Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білімін ұшпауға келген. Студентерге жатын орынмен де қамтылған. Осындай жобалар арқылы Қазақстан академиялық байланыстарды нығайтып, Орталық Азиядағы медицина саласын дамытуды көздейді.

Арманай Мирасқызы, ҚР СІМ kazaid баспасөз хатшысы:

Бағдарламаның негізгі мақсаты – Орталық Азиядағы мемлекеттер арасындағы медициналық білім беру деңгейін жоғарылату және де өзара тәжірибе алмасу болып табылады. Келген 17 студентке бағдарлама KazAID-тың ұсынылған гранты негізінде тегін жүргізіліп жатыр.

Таңсұлу Қозыбаева, Ош мемлекеттік медицина университетінің студенті:

Біз Қазақстанға, нақтырақ айтқанда Астана қаласына академиялық ұтқырлықпен білім алуға келдік. Осында 2 аптаға жуық уақыт болып білім аламыз. KazAID жобасы көп мүмкіндіктерге жол ашты. Біздің оқуға қатысты барлық шығынымызды, жолымызды өтеп берді. Оқудан бөлек қаланың көрікті жерлерін араладық, Қазақстандық бауырлар бізді құшақ жая қарсы алды.


Мәди Бижан

Хабарламаларға жазылу