Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

10.06.2020

Қайғылы оқиға кеше, Ақтөбе-Астрахан тас жолында, Алға ауданының Бестамақ ауылы маңында болған. Полицейлердің айтуынша, апатқа кінәлі бұған дейін ішімдік ішкені үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған 24 жастағы жігіт. Ол Toyota маркалы көлікті тізгіндеп келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп, «Лада Ларгус» автокөлігіне соғылған. Кінәлі жүргізушінің өзі жеңіл-желпі жарақат алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу