Ақтөбе облысында  ірі жол апатынан 9 адам қаза тапты

22.06.2017

Бүгін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Самара-Шымкент тасжолының бойында  автобус аударылған. Салдарынан  Өзбекстанның 9 азаматы қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Бұдан бөлек, тағы 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Жалпы, көлік ішінде 52 жолаушы болған. Оның 50-і Өзбекстан және екеуі Қазақстан азаматы.

Хабарламаларға жазылу