Жол апатынан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апатынан 10 адам қаза тапты

07.12.2015
Жол апатынан 10 адам қаза тапты
Жол апатынан 10 адам қаза тапты

Алматы облысында жол апаты салдарынан 10 адам қаза тапты. Апат 6 желтоқсанда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Алматы-Ақтерек-Алға» тас жолында болған.

Ақпарат құралдарының таратып жатқан мәліметтеріне қарағанда «Mersedes Benz» пен «Toyota Windom» көліктері соқтығысқан көрінеді. Екі көліктің әрқайсысында 5 адамнан болған. Апат салдарынан көліктердегі барлық адам көз жұмды.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Алматы облысы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасының мамандары тиісті сараптама тағайындады
.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу