Еріктілер су басқан ауылдарды қалпына келтіруге жәрдемдесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еріктілер су басқан ауылдарды қалпына келтіруге жәрдемдесіп жатыр

26.04.2024

Еріктілер су басқан ауылдарды қалпына келтіруге жәрдемдесіп жатыр. «Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының 4 мыңға жуық волонтері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына қосылды. Оның аясында көше тазалау, елді мекендер аумағын көгалдандыру және абаттандыру, су тасқынынан кейін қалалар мен ауылдарды қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Волонтерлер тазалық жұмысын жүргізіп, жиһаздар мен заттарды кептіруде. Сонымен қатар үй маңындағы үйінділерді тазартып жатыр.

Ақерке Ескендірова, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:

Бүгінде су біртіндеп азайып, тұрғындар үйлеріне оралуда. Сондықтан біз бірінші кезекте зейнеткерлер мен жалғызбасты аналарға көмек көрсетуге келдік. Осындай жұмыс Абай, Қостанай және Ақтөбе облыстарында бастау алды.


Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу