«Қазатомөнеркәсіп» IPO-ға шығуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазатомөнеркәсіп» IPO-ға шығуға дайын

24.10.2018

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы өз акцияларын 31 қазаннан бастап Лондон және Астана халықаралық биржасында орналастырады. Бүгін компания Басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматов осы ақпаратты арнайы брифингте жария етті. Компания құнды қағаздардың 25 пайызын әлемнің ірі қалаларында орналастырмақ. Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Халықаралық сарапшылардың есебіне сай, елімізде 295 мың тонна бағалы металдың қоры бар. Ал, саудаға дайын тұрған өнімнің қоры 6 мың тоннаға тақау. Жалпы, жер бетінде уранға деген сұраныс күн санап артып келеді. Бұл сөзімізге әлем бойынша жұмыс істеп тұрған 443 реакторлар мысал бола алады.

Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» Басқармасының төрағасы:

- Бұл Үкіметке ақша керек болды деген сөз емес. Жекешелендіру бағдарламасы. Асығыс та емес, кеш те емес. Бағдарламаға сәйкес, 2018 жылы IPO-ға шығуға дайындалып отырмыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу