Иә, осындай, ел аумағында ойын-сауық шаралары мен думанды кештерді өткізуге тыйым салынғанына қарамастан Түркістан қаласының тұрғыны өз үйінің ауласында дүркіретіп той өткізген. Дастан Мырзагелдиев отбасылық қуанышын/ алғашында шаһардағы салтанат сарайында атап өтуді жөн санаған. Алайда тойхана иелері оған рұқсат бермегендіктен, қонақтарды үйіне шақырған. Төтенше жағдайға қарамастан, тойға 100-ден астам қонақ келген. Бейнекөріністен олардың түн ауғанша би билеп, көңіл көтергені байқалады. Енді, той иесі жауапқа тартылып жатыр
Тап осы Түркістанда төтенше жағдай талаптарын бұзудың тағы бір дерегі тіркелді. Шаһар тұрғыны шектеулерге қарамастан иелегіндегі компютер клубын уақытында жаппастан, түні бойы жұмыс істеткен. Бұл оқиғаға қатысты да полиция іс қозғады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ