«Бүгінде өңдеуші өнеркәсіп саласында шетелдік ірі инвесторлардың көмегімен жаңа 22 жоба жүзеге асуда. «Альянспен» «Renault Nissan» бірлесіп автозауыттар құрылысының толық циклі және автокомпоненттер шығарумен айналысатын технопарктер құрылысымен айналысады.
Италиялық «Tenaris» компаниясы жоғары сапалы тұрба өндірісін инвестициялайды. Ресейлік «Еурохим» Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндірісін салуды көздеп отыр. Канадалық «KUDU Industries» мұнай-газ саласына керекті винт-насостар өндірісін жолға қоймақ.
«Жібек жолын» дамыту бағдарламасы бойынша біздің қытайлық серіктестерімізбен арада жаңа жобалар жүзеге аспақ. Мен тек ең ірі деген жобаларды ғана атап шықтым. Себебі, Қазақстандағы индустрияның дамуы жолында барлық жағдайы жасалған кәсіпорындар өте көп»,-деді Елбасы.