Басты Жаңалықтар 5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

Елде интернет-алаяқтарға алданғандар көбейді. Әсіресе әккілер бұл іске жасанды интеллектіні пайдалануға көшкен. Құқықтық статистика порталының мәліметінше, жыл басынан 5200 дерек тіркеліп, 5 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген. Бас прокуратура өкілдері оның жартысы жәбірленушілерге қайтарылғанын хабарлады. Бұл тек үш айдың көрсеткіші. Былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 5600-ге жуық іс тіркелсе, жыл соңында шамамен 27 мың болған. Залал көлемі 12 миллиард теңгеден асады, оның 5 миллиарды өтелген. Ішкі істер министрлігі тұрғындарды сақ болуға шақырады. Алаяқтар көбіне банк қызметкерлері мен құзырлы орган өкілі ретінде хабарласып, қысым көрсетеді. «Айыппұл төлеу» туралы СМС жібереді. 1414-тен келген кодты сұрайды. Тауарды арзан бағада ұсынып, жалған онлайн-сауда жасайды. Сонымен бірге, күмәнді сілтемелерге өту керегін талап етеді. Кейін жеке дерекке лезде қол жеткізіп, ақшаңызды иемденіп алады не атыңызға несие рәсімдейді. Мұндай жағдайда бірден полицияға хабарласып, Ішкі істер министрлігіне барып арыздану керек. Немесе Егов арқылы шағым жазу қажет. Неғұрлым тезірек хабарлассаңыз, алаяқтардан ақшаны қайтаруға да мүмкіндік көп дейді мамандар. Мына ережелерді біле жүріңіз: SMS-кодты ешкімге айтпаңыз, күмәнді сілтемеге өтпеңіз, бейтаныс адамға ақша аудармаңыз.

Бөлісу