Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
Бүгін Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық деңгейі 8%-ға төмендеген. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу нәтижелері үшін жауапкершілігін күшейту, «тәуекел тобындағы» балалармен жұмысты жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен тәлімгерлікті дамыту, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының өңірлік жоспарларының іске асырылу сапасын арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселесі сөз болды. Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Отырыс соңында Премьер-Министрдің орынбасары балалардағы дағдарыстық жағдайларды ерте анықтау тиімділігін арттыру, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің рөлін күшейту, ата-аналармен және педагогтармен алдын алу жұмыстарын дамыту, тәуекел тобындағы жасөспірімдерді мониторингілеу жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04