100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
- Еліміздің барлық өңірінде 100 мыңнан астам оқушы мектеп ауласы мен саябақтарда ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған экологиялық челлендж биыл 4-мәрте ұйымдастырылды.
- Аружан Табылды Петропавл қаласындағы 20-мектептің 11 сынып оқушысы. Мақсаты – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болу. Болашақта өзі білім алған мектепте жұмыс істеуді армандайды.
- Аружан Табылды, оқушы:
- Мектебімізбен сенбіліктерге шығып отырамыз, әрдайым. Сенбіліктерде біз ағаш отырғызумен қатар, қоқыстарды сұрыптауға көңіл бөлеміз. Және де осы айналаға гүлдер егіп жатамыз. Бұның барлығы менің ойымша бір кішкентай болсын көмек.
- Ағаш отырғызу акциясы Ақтөбеде де жалғасты. Қалалық 12-ші мектепте бұл шара үзілмейтін дәстүрге айналған. Былтырғы түлектер 30 тал еккен. Жасыл желекті оқушылар күтіп-баптайды.
- Маржан Меңдіқұл, оқушы:
- Осы жылы біздің мектебімізде көптеген оқушылар, яғни сыныптастарымыз мектеп бітіреді. Біреуі колледжге түседі. Сол себепті келесі жылы келгенде немесе басқа уақытта мектеп ауласынан көргенде естелік болып қалу мақсатында ағаштарды егіп жатырмыз.
- Павлодар облысында экологиялық акцияға 5000 түлек қатысты. Павлодар қаласында «Алтын белгіге» және үздік аттестатқа үміткерлер облыс әкімімен бірге ағаш отырғызып, туған жерге деген сүйіспеншіліктің ,табиғатқа жанашырлықтың үлгісін көрсетті.
- Маңғыстаулық түлектер де республикалық эко-челледжге белсене үлес қосты. Батыр ауылындағы саябақта жүздеген жеміс ағаштары егілді.
- Ерлан Қалмақов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры:
- Қазірдің өзінде жарты миллионнан астам көшет отырғызылды деп сеніммен айта аламыз. Бұл шараға қатысатын түлектердің барлығы өздерінің жаңағы туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін, азаматтық жауапкершілігін, осындай игі қадамдар арқылы көрсетеді.
- Жыл сайын 11-сынып оқушыларының санына сәйкес шамамен 100–150 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Бразилия 1/8 финалға өтті
30.06.2026, 13:18
Алматыда 500-дей автобус экологиялық талапқа сай емес
30.06.2026, 13:15
Қазақстан – Саратов: Тауар айналымы $266 млн асқан
30.06.2026, 13:12
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына ₸7 млрд бөлінді
30.06.2026, 13:09
Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды
30.06.2026, 13:06
Полиция департаменті: Жалған QR көбейді
30.06.2026, 13:03
Президент: Мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз
30.06.2026, 13:00
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07