Басты Жаңалықтар «Аяулы арман». Тәрелке сындыру рәсімі өтті

«Аяулы арман». Тәрелке сындыру рәсімі өтті

«Аяулы арман». Тәрелке сындыру рәсімі өтті

1 шілде күні Алматыда Рашид Сүлейменовтің «Аяулы арман» атты туындысының түсірілімі басталды. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірінен сыр шертетін телетуынды - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы.

Киногерлердің қалыптасқан дәстүрі бойынша бірінші дубльдан кейін тәрелке сындыру рәсімі өтті. Рәсімге негізгі режиссерлік, актерлік құраммен қатар, киносүйер көрермен қатысты.

Кино режиссерлері Қамбар Есмұханов, Анна Дранникова, қоюшы-режиссері - Рашид Сүлейменов.

Сценарий авторы: Рашид Сүлейменов

Қоюшы-операторы: Александр Гончаров

Оператор: Ілияс Шуашпаев

Дыбыс режиссері: Олег Шитов

Қоюшы-суретші: Александр Ророкин

Костюм жөніндегі суретші: Нұрлан Батыров

Рөлдерде:  Қуаныш Керімқұлов, Шәріп Серік, Ербол Семқұлов, Раушан Ермағамбетова, Әйгерім Айдар және басқалар.

64 бөлімнен тұратын телехикаяның әр сериясының ұзақтығы 40 минут. Туынды алдағы уақытта «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілетін болады.

Бөлісу