Шайдоровтың жеңісін шетелдік БАҚ жарыса жазып жатыр
Ал New York Times басылымы Михаил Шайдоровтың өнерін анимациялап, спортшының ұпайларын қалай алғанын көрсетті. Атлеттің секірген кезде неше рет айналғанын, сондай-ақ оның орындаған аксель, эйлер, сальхов және лутц сынды техникалық элементтерін анық бейнеледі. Төрешілер Шайдоровтың өнерін 198,64 ұпайға бағалады. Оған қысқа бағдарламадағы баллдары қосылып, 291.58 ұпаймен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Жалпы, шетелдік БАҚ беттері Михаил Шайдоровтың жеңісін жарыса жазып жатыр.
The Washington Post, The Guardian және Reuters қазақстандық спортшының көрсеткен өнерін жан-жақты талдып, егжей-тегжейлі саралап шыққан. Кейбір басылымдар жазғандай, Шайдоров, әсіресе өзінің батылдығы мен шеберлігінің арқасында ұпай бойынша алға суырылып, өзгелерден басым түскен. Ал ауқымды материал шығарған BBC Sport мақала соңында қиын элемент саналатын төрт айналып секіруді меңзеп, Шайдоровты «төрттіктің жаңа патшасы» деп атап, аса құрмет білдірген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы