Басты Жаңалықтар Тұсаукесер: Бүгін «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуы көрсетіледі

Тұсаукесер: Бүгін «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуы көрсетіледі

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасында жаңа музыкалық жобаның тұсаукесері өтеді. Бүгін сағат 21:20-да әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуының көрсетілімі басталады. Жоба – түрлі мемлекеттен келген таңдаулы вокалистер қатысатын ауқымды музыкалық бағдарлама. Көрермендер алты елден жиналған сегіз дарынды орындаушының өнерін тамашалайды. 5 ақпанда Қытайда өткен премьерадан кейін шоу Hunan TV телеарнасы мен Mango TV платформасында көрсетіле бастады. Енді қазақстандық аудитория да жобаны бүгіннен бастап тамашалай алады. Бағдарлама барысында қатысушылар Түркістан, Ақмола, Маңғыстау және Алматы облыстары мен Алматы, Астана қалаларын аралап, еліміздің табиғаты мен мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттайды. 12 бөлімнен тұратын жоба үш ай бойы әр сенбі сайын эфирге шығып, көрерменге музыкалық бәсекемен қатар Қазақстанның көрікті өңірлерін таныстырады. Айта кетейік, Қытайдағы алғашқы көрсетілімі бір тәулік ішінде 102 миллионнан аса қаралым жинап, рекорд орнатқан еді.

Бөлісу