«Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалі өтеді

18.09.2014
«Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалі өтеді

8-9 қазан күндері Қызылорда облысының әкімдігі мен Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы бірлесіп, халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалін өткізбек. 

Шараны ұйымдастырудағы мақсат – түркі тілдес халықтардың ұлттық фольклорлық-музыкалық өнерін дәріптеу және мәдени өзара қарым-қатынас пен байланысты нығайту.

Фестивальға 12 елдің фольклортанушы ғалымдары мен өнерпаздары, қазақстандық танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысады, деп күтілуде.

Шара  аясында ашылу салтанаты, халықаралық конференция және фестивальдің қорытынды Гала-концерті өтеді.

Хабарламаларға жазылу