«Талдықорған әуендері» ансамблінің концерті өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талдықорған әуендері» ансамблінің концерті өтті (ФОТО)

17.01.2015
«Талдықорған әуендері» ансамблінің концерті өтті (ФОТО)

Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Талдықорған әуендері тартуы, Нұрлы елімнің төл өнері ән-жыры» атты есептік концерті өтті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құрылғанына үш жылдан астам уақыт болған ансамбльдің есептік концерті - күнделікті тынымсыз жұмыстың нәтижесі, көптеген дайындық пен әртүрлі әзірлік шараларының жиынтығы.

Шынайы еңбек пен шығармашылықты жетілдірудің арқасында жергілікті өнерпаздар көрермендерге ұмытылмас концерттік бағдарламалар сыйлады.

«Талдықорған әуендері» ансамблінің шығармашылық кеші көрермендерді бей-жай қалдырмай, оларға әсем ән мен ырғақты би өнерінің сан қырлы бағыттарын көрсетіп, дүйім жұртты өз өнерімен тәнті етті.

Хабарламаларға жазылу